Ескерту. Бірлескен шешімінің және қаулысының атауы жаңа редакцияда - бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 174 шешімімен және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 23.12.2014 № 284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармақшасына сәйкес Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Қобда ауданының Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасы (шегі) өзгертілсін және белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 174 шешімімен және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 23.12.2014 № 284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
А. ЖҮСІБАЛИЕВ |