Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, тақырыбында және мәтіні бойынша "селосының", "селолық" сөздері "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылдық округі әкімінің 21.12.2017 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бегалы ауылдық округінің тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Бегалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылдық округі әкімінің 21.12.2017 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Калиновка аулының төмендегі көшелеріне атау берілсін:
1) Николай Терещенко көшесі;
2) Михайл Кошелев көшесі;
3) Қазақстан көшесі;
4) Амангелді Қосжанов көшесі;
5) Юрий Гагарин көшесі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Ю. Утянов |