Мәртөк ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 191 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 маусымда № 3-8-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2012.09.10 № 283 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5, 5-6 тармақшаларына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 346 «Облыс әкімдігінің кейбір актілері туралы» қаулысын орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 М.Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады