Кеңестуы ауылдық округінің құрамды бөліктерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 24 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда № 3-10-157 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 13.07.2016 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 35 бабын және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына, Кеңестуы ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, әкімі ШЕШІМ ETTI:
      1. Кеңестуы ауылдық округінің құрамды бөліктеріне (қыстауларына) келесі атаулар берілсін:
      1) Қызылқұдық;
      2) Құлекен;
      3) Төс;
      4) Қарабұлақ;
      5) Орта Қарағанды;
      6) Бас Қарағанды;
      7) Көкбұлақ;
      8) Серек.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кеңестуы ауылдық округінің әкімі: С. Тұранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады