"Кеңестуы селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 14 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 тамызда № 5025 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Кеңестуы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кеңестуы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 24 "Кеңестуы селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-157 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 ақпанда аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кеңестуы ауылдық округінің әкімі С. Тұранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады