Тасқопа ауылдық округінің құрамды бөліктерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда № 3-10-156 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 03.02.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының Әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және Тасқопа ауылдық округінің халықының пікірін ескере отырып, әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тасқопа ауылдық округінің құрамды бөліктеріне (қыстауларына) мына атаулар берілсін:
      1) Ортабаз;
      2) Шұбаржылан;
      3) Көптам;
      4) Шилаша;
      5) Жаңабаз;
      6) Өмірбай;
      7) Қомыт;
      8) Тұз;
      9) Төртүй қандыағаш;
      10) Ортақандыағаш;
      11) Сағақандыағаш;
      12) Бекей;
      13) Ащыөзек;
      14) Қызылжар;
      15) Төсши;
      16) Шонық;
      17) Сатай;
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тасқопа ауылдық
      округі әкімі Ә. Қалмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады