Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің аппараты басшысының 2012.04.02 № 01-04/422 Хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу туралы" қаулысын орындау үшін аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1995 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген, жас мөлшері 17 жастан асып кеткен азаматтарды Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
2. Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (М.Елубаев, келісім бойынша)
1) осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
2) осы шешімнің орындалуы жөніндегі ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2012 жылдың 25 наурызға дейін беру ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | А.Әмірғалиев |