Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 01.10.2015 № 109 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 17.09.2018 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ойыл ауылының көшесіне келесі атау берілсін:
1) Тәуелсіздіктің 20 жылдығы;
Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1 тармаққа өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Ақшатау ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Жастар;
2) Шалқыма;
3) Ақжол;
4) Балауса.
3. Екпетал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Барқын;
2) Қыдырбаев Хайролла;
3) Жасыл ел;
4) Орманшы.
4. Қаракемер ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Бейбітшілік;
2) Ардагерлер;
3) Достық;
4) Ынтымақтастық.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округі әкімінің м.а: | С. Нугыманов |