"Ойыл селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 10 қазандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 109 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада № 4571 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына жане Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 107 "Ойыл селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-99 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Ойылского", "Ойыл" сөздері "Уилского", "Уил" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округі әкімі: И. Сабиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады