2011 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдегі N 151 қаулысы. Алматы облысы Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 сәуірде N 2-2-119 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы N 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012.03.26 N 162 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      " Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына,23 бабына және 44 бабына сәйкес, сондай-ақ "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын және “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, № 6 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Қапшағай қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қалалық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды шақыруды өткізуінің кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Ауылдық округтерінің әкімдері 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
      5. “Қапшағай қалалық емханасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Әспет Жәлкенқызы Ербосыноваға (келісім бойынша):
      1) қалалық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандарымен және орта буын медициналық қызметшілерімен жасақтасын;
      2) әдістемелік-нұсқау талаптарына сәйкес шақырылушылардың дер кезінде дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін;
      3) әскерге шақырылушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде 5 төсектің бөлінуін ескерсін;
      4) әскери-дәрігерлік комиссиясын керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
      6. Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Данияр Қамалбекұлы Қазербаевқа (келісім бойынша):
      1) қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған шақырылушылардың тізімін Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгілінген мерзімде тапсырсын;
      2) қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жиын орыны мен шақырылушыларды жіберу пунктерін күшейтілген кезекшілермен қамтамасыз етсін;
      3) мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүргендерді оперативті түрде іздестіруді және ұстауды ұйымдастырсын.
      7."Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұрғазы Аманұлы Түсіпбековке (келісім бойынша) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты қала әкімдігіне 2011 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде тапсырсын.
      8.Қапшағай қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 6 мамырдағы № 2-2-105 тіркелген Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі "1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы” № 373 қаулысының күші жойылған деп танылсын (2010 жылдың 7 мамырда "Нұрлы өлке" газетінің 20(83) санында жарияланған).
      9.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Асылханұлы Асантаевқа жүктелсін.
      10.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Қала әкімі                                    Н. Таубаев

Қапшағай қала әкімдігінің 2011 жылғы
4 сәуірдегі "2011 жылдын сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз
ету туралы" № 151 қаулысына 1 қосымшасы

Шақыру комиссиясының құрамы

Түсіпбеков Нұрғазы Аманұлы

"Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы

Орманов Мақсат Әлибекұлы

Қала әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Бейсеитова Гүлғасыл Айтмұхамбетқызы

“Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының емхана меңгерушісі, медициналық комиссиясының төрайымы

Төребеков
Ғалым Еркінбекұлы

Қапшағай қалалық ішкі істер бөлім бастығының қызмет жөніндегі орынбасары

Жанзақова Базаркүл Махметқызы

“Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны емханасының медбикесі, комиссия хатшысы

Қапшағай қала әкімдігінің 2011 жылғы
4 сәуірдегі "2011 жылдын сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз
ету туралы" № 151 қаулысына 2 қосымшасы

Азаматтарды әскери қызметке
шақыруды өткізуінің кестесі

р/с №

Елді мекенінің аталуы

Сәуір

Мамыр

Маусым

Қазан

Қараша

Желтоқ-сан

1

Қапшағай қ.

200

200

180

200

200

180

2

Шеңгелді а.

120

30

-

120

30

-

3

Заречный а.

60

10

-

60

10

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады