Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 15 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 02 қыркүйекте N 2-5-152 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қазандағы N 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің 2011.10.20 N 17 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 20 мамырдағы N 16 ұсынысы негізінде, Екпінді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Екпінді ауылдық округінің Үшқайың елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі:                               Б. Әзімжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады