Көлбай ауылдық округіндегі Қызылқайың, Әлемді, Бұдыр ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Көлбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 01 қыркүйектегі N 16 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 23 қыркүйекте N 2-5-158 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және Қызылқайың, Әлемді, Бұдыр ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көлбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Көлбай ауылдық округіндегі Қызылқайың, Әлемді, Бұдыр ауылдарындағы атаусыз көшелерге төмендегідей көше аттары қойылсын:
      1) Қызылқайың ауылындағы бірінші көшеге Абай Құнанбаев, екінші көшеге Тоқаш Бокин, үшінші көшеге Ыбрай Алтынсарин, төртінші көшеге Қызылқайың, бесінші көшеге Жамбыл Жабаев.
      2) Әлемді ауылындағы бірінші көшеге Әлемді.
      3) Бұдыр ауылындағы бірінші көшеге Бұдыр.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көлбай ауылдық
      округінің әкімі                            М. Мәдібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады