Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 07.10.2013 N 21-7 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, аудан әкімінің 2011 жылғы 17 наурыздағы N 09-01/571 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Салық салудың айқындылығы және әділдігі принциптерін, барлық салық төлеушілер үшін базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу жұмыстарын іске асыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2011-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Мұрат Болатұлына және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың
53-сессиясының төрағасы С. Қырқымбаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Ә. Талқамбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушысы Журынбаев Нұржан Сатылханұлы
12 тамыз 2011 жыл
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 16 тамыздағы N 53-1
"Бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2011-2013 жылдарға
белгілеу туралы" шешіміне
қосымша
2011-2013 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық
ставкаларының мөлшері
N |
Салық салынатын объектінің атауы |
Бірыңғай белгіленген |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге |
6 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың |
10 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын |
2 |
4 |
Ойын жолы |
25 |
5 |
Карт |
4 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |