Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 10.10.2024 № 996 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 07.02.2013 N 82 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Еңбекшіқазақ ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 07.02.2013 N 82 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Тойбаев |