Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 07 ақпандағы N 82 қаулысы, Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 04 наурызда N 2310 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 996 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 10.10.2024 № 996 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, аудан әкімдігі

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 17 қаңтарда N 2-8-191 болып тіркелген, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде 2012 жылдың 03 ақпанында N 06 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Еңбекшіқазақ ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".

      1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "1. Меншік құқығына қарамастан, Еңбекшіқазақ ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б.Ысқақ

КЕЛІСІЛДІ:


"Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің


бастығы

Айсина Қалдыкүл Оспанәліқызы


      07 ақпан 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады