Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2011 жылғы 09 тамыздағы N 56-332 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 02 қыркүйекте 2-9-127 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 2-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 17.02.2012 № 2-9 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1–тармағының 15)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Бөгенбаев Мәлік Ауымханұлына) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді ауданы
      мәслихатының хатшысы,
      IV шақырылымындағы
      LVІ сессиясының төрағасы                   Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ескелді аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Тілеуберген Мұхаметқали Баймұратұлы
      09 тамыз 2011 жыл

      Ескелді аудандық қаржы
      бөлімінің бастығы                          Бейсеқұлова Гүлмира Мұқатайқызы
      09 тамыз 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады