1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудан әкімінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 25 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 09 қаңтарда N 2-10-151 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Өтеген батыр кенті, Титова көшесі, 30 мекен-жайында орналасқан "Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Кенттік және ауылдық округ әкімдері (Көпбаева Тілеукен Отыншықызы, Советханов Алмас Советханұлы, Сәлімбаев Мұрат Орынбайұлы, Мұсабеков Бейбіт Қанапияұлы, Жақашев Еркін Әбілханұлы, Базарбаев Қуат Әбдреұлы Поротиков Виктор Николаевич, Кәрібаев Мұхит Бахытұлы, Берекетов Бекболат Саламатұлы, Қонырбаев Данияр Төлеуханұлы, Өгізбаев Даниял Рахымбайұлы) және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Логутов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Іле аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі
      бөлімінің бастығы                          Аширбаев Нұрғанат Өксіханұлы
      15 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады