Қаратал ауданы бойынша 1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы N 12-12 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 09 қаңтарда N 2-12-184 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы N 12-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің 19.12.2012 N 12-10 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысының негізінде Қаратал ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. 2012 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған және бұрын тіркеуге шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Бастөбе ауылы, С. Юн көшесі 22 ғимаратында орналасқан шақыру учаскесіне "Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       2. Қала, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгілеген мерзімде Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімі берілсін.
       3. "Қаратал ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы "Қаратал ауданы бойынша 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" № 12-03 (Қаратал ауданының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 қаңтарда тіркелген нөмірі 2-12-167, "Қаратал" газетінің 2011 жылы 28 қаңтарда 5-ші нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
       4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Байтаеваға жүктелсін.
       5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Дүйсембінов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қаратал аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Асылбеков Ержан Сансызбайұлы
      27 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады