Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 54-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 05 мамырда N 2-14-108 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы № 40-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 06.02.2015 № 40-3 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көксу ауданының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Көксу ауданының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.
      3. Көксу ауданы мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы "Көксу ауданы бойынша жер салығының 2010 жылға арналған базалық ставкасын бекіту туралы" N 36-9 (Көксу аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 наурыздағы 2-14-91 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 02 сәуірде Көксу аудандық "Нұрлы-Көксу" газетінің 14(15) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Рахымбеков Аманбек) жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихаты сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы                 Б. Қисметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көксу ауданы бойынша
      салық басқармасының
      бастығы                                    Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы
      18 наурыз 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады