Жастар тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 02 наурыздағы N 60 қаулысы. Алматы облысы Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 09 наурызда N 2-15-100 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы N 150 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы N 150 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы мен 2-тармағына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы № 301 және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1520 қаулыларына, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың тәжірибе жинақтау, білім, әдет-дағдыларын алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау мақсатында «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралардың Тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. «Жастар тәжірибесін» «Райымбек ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Зыкаев Халық Сансызбайұлы) ұйымдастырсын.
      3. Райымбек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы «Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын белгілеу туралы», (Аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 19 ақпандағы 2-15-80 нөмірімен нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2010 жылғы 27 ақпанында аудандық «Хантәңірі» газетінің № 9 (7619) санына жарияланған) № 8 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

      Аудан әкімі                                  А. Айтжанов

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 02 наурыздағы
«Жастар тәжірибесін ұйымдастыру мен
өткізу тәртібін белгілеу туралы»
№ 60 қаулысына қосымша

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу
ТӘРТІБІ
 

      Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын бекіту туралы» № 301 (бұдан әрі-Бағдарлама) және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1520 қаулыларына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының  13) тармақшасынасәйкес бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың тәжірибе жинақтау, білім, әдет-дағдыларын алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі- Уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды (бұдан әрі-Түлектер) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды ұйымдастырады.
      2. Жастар тәжірибесі Райымбек ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, өткізіледі:
      3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар тәжі-рибесіне жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.
      4. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының талабы бойынша жұмыс күшіне қажеттілікті жергілікті деңгейде айқындаушы болып «Аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі-Бағдарламаны үйлестіруші)

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      5. Жастарды жұмыспен қамтуға ұсыныс білдірген жергілікті атқарушы органдар және басқа да мекеме, кәсіпорындармен бірлесе отырып Уәкілетті орган Жастар тәжірибесін екі бағытта ұйымдастырады:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдауды» іске асыру мақсатында республикалық нысаналы трансферттер көлемінде ағымдағы шығындарға облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен;
      2) аумақтық бағдарламаларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен;
      5.1. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдауды» іске асыру мақсатында республикалық нысаналы трансферттер көлемінде ағымдағы шығындарға облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Жастар тәжірибесін ұйымдастыру механизмі:
      5.1.1. Түлектер заңда белгіленген тәртіппен Уәкілетті органға жұмыссыз ретін-де тіркеледі.
      5.1.2. Бағдарламаны үйлестіруші жергілікті деңгейде ауданның кәсіпорын-дарында уақытша жұмыс күші қажеттілігін айқындайды және оны Уәкілетті органға ұсынады.
      5.1.3. Уәкілетті орган, Бағдарламаны үйлестіруші ұсынған қажеттілікке сәйкес Түлектерді біліктілігіне қарай ұсынған жұмыс орындарына жібереді.
      5.2. Аумақтық бағдарламаларды жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыландыру есебінен Жастар тәжірибесін ұйымдастыру механизмі:
      5.2.1. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективалары және «Жастар тәжірибесіне» қатысушыларды қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинап, солармен «Жастар тәжірибесін» өткізу жұмыстарын жүргізеді. Жастар тәжірибесін ұйымдастырудың және өткізудің шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады. Кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдарға «Жастар тәжірибесіне» қатысу жөнінде ұсыныс білдіреді. Ұйымның басшысы ұсыныс жасалған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде іс тәжірибеге қабылданатын жұмыссыздардың шамалы санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу «Жастар тәжірибесіне» қатысудан бас тарту болып есептелінеді.
      6. Уәкілетті орган үш күн ішінде тілек білдірген мекеме, кәсіпорындармен жастар тәжірибесін өткізу туралы келісім жасайды.
      7. Мекеме, кәсіпорындардың сұраныстарын талдау және қорытындылау негі-зінде Уәкілетті орган «Жастар тәжірибесіне» қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі.
      1) жұмыссыз ретінде Уәкілетті органда тіркелуі;
      2) кәсіптік білімі болуы;
      3) Жастар тәжірибесіне жіберу кезінде уәкілетті орган ұсынатын лайықты жұмыстың болмауы;
      4) Түлектердің жасы 29 жастан аспауы, бастапқы, орта және жоғары кәсі-би оқу орындарын бітіргені туралы құжатын алғанына 20 айдан аспауы;
      8. Түлектердің жастар тәжірибесіне қатысуына бір рет рұқсат беріледі
      9. Жұмыссыз азаматтар Уәкілетті органның шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша жергілікті атқарушы органдарға, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      10. «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыруға келісім берген жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және «Жастар тәжірибесіне» қатысушылардың мамандығына (кәсібіне) сәйкес кәсіби білім, әдет-дағдыларын үйретуді қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады. Жұмыссыздармен алты айдан аспайтын мерзімге еңбек заңдылықтарына сәйкес еңбек шартын жасайды Жұмыс беруші еңбек шартына төленетін еңбек ақының бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді.
      11. Уәкілетті орган жұмыссыз азаматты бекітілген нысандағы жолдамамен жұмыс берушіге жібереді.
      12. Жұмыс беруші жұмыссыздарды «Жастар тәжірибесіне» алу туралы шешім қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың жыртпалы талонын толтырып, Уәкілетті органның мекен-жайына жібереді.
      13. Жұмыс беруші, жұмыссызды «Жастар тәжірибесіне» алты айдан аспайтын мерзімге қабылдау туралы бұйрық шығарады, бұйрықта «Жастар тәжірибесіне» қатысушыға білікті маман - тәлімгер бекітеді. Үш күн ішінде бұйрықтың көшірмесін уәкілетті органға өткізеді.
      14. «Жұмыс беруші» әр айдың 25-не дейін «Уәкілетті органға» жастар тәжірибесіне қатысушының жұмыс уақытың есепке алу табелін ұсынады.
      15. Жастар тәжірибесіне қатысушы еңбек заңдылығын бұзған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын бұзуға құқығы бар.
      16. Жұмыс беруші өз бастамасы бойынша жастар тәжірибесіне қатысушымен еңбек шарты бұзған кезде, қабылдаған шешім туралы ол 3 күн ішінде Уәкілетті органға хабарлайды. Сондай-ақ жастар тәжірибесіне қатысушыда жастар тәжірибесін тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Ол бұндай шешім қабылдағаны туралы «Жұмыс берушіге» және «Уәкілетті органға» 3 күннің ішінде хабарлауға міндетті.
      17. Жұмыс беруші Уәкілетті органға шарттың мерзімі өткеннен кейін тәжі-рибеден өтушіні жұмыстан босатқаны жайлы бұйрықтың көшірмесін, тәжірибеден өтуші туралы ұсыныс, пікірін қоса жолдайды.
      18. Жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыссыз азамат Жастар тәжірибесінің мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Жұмыс беруші Уәкілетті органға Жастар тәжірибесіне қатысушының жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      19. Жастар тәжірибесінен өткеннен кейін осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) орналастырылмаған азамат Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұруын жалғастырады.

Жастар тәжірибесін қаржыландыру

      20. Жастар тәжірибесін қаржыландыру ағымдағы бюджеттік жылға бекітілген шығыс сметасына сәйкес бюджет қаржысы есебінен іске асырылады.
      21. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын Уәкілетті орган Жұмыс берушінің Түлекті жұмысқа қабылдаған бұйрығы негізінде, жұмысқа нақты қатысқан күндеріне жүргізілген табелі бойынша ағымдағы қаржы жылының шығындар сметасына сәйкес белгіленген орташа жалақы мөлшерінен аспайтын көлемде төлейді. Орташа айлық еңбегінің мөлшеріне міндетті зейнетақы қорына және жеке табыс салыққа аударылатын қаржы кіреді.
      22. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын төлеу Уәкілетті орган арқылы іске асырылады:
      - «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдауды» іске асыру мақсатында Жастар тәжірибесінен өтушілерге төленетін еңбек ақы республикалық нысаналы трансферттер көлемінде ағымдағы шығындарға облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жұмыс орындарын ашқан жұмыс беруші арқылы төленеді;
      - Аумақтық бағдарламалар арқылы жастар тәжірибесінен өтушілерге еңбек ақы жергілікті бюджеттен жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргізіледі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады