Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 13.12.2011 N 463 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес аудандық сайлау комиссиясымен келісе отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Президенттікке үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдері белгіленген орынға стендтер, тақталар және тұғырлықтар орналастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Жақанбаев