Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округінің Славное ауылын Арал ауылы деп атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-16 шешімі және Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 13 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 сәуірде № 1778 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қордай ауданы әкімдігі және Қордай аудандық мәслихатының ұсыныстарын қарай келе және тиісті аумақтың тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округінің Славное ауылы Арал ауылы деп атауы өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акті Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Облыстық мәслихат
      Қ.БОЗЫМБАЕВ сессиясының төрағасы
      . С.СЕЙДАЗИМОВ
      Облыстық мәслихат
      хатшысы
      Ә.ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады