2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Тараз қаласы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 215 Қаулысы. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 04 мамырда 6-1-127 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшiн қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:

Мельников Сергей Иванович

«Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, полковник, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Сембекова Жанна Досайқызы

«Тараз қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-кадрлар және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы; төраға орынбасары;

Комиссия мүшелері:


Құлшынбаев Қиясхан Сапақұлы

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Тәуірбеков Ербол Тоқтасынұлы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының травматолог дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);

Нұрқадірова Рабиға Әбдіқадірқызы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 2 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша).

      3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К. М. Тоғызбаеваға жүктелсін.
      5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Орынбеков

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.Мельников
29.03.2011 жылғы

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.Досанов
29.03.2011 жылғы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы № 1 қалалық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
Б. Кайназаров
29.03.2011 жылғы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы № 2 қалалық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
У. Байдарбеков
29.03.2011 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады