Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 163 қаулысы. Жамбыл облысы Жуалы аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 01 маусымда № 6-4-106 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 22.09.2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады