2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 90 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 сәуірде 6-7-68 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 19.11.2015 № 359 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығы және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Даминов Ғалмат Турдахметұлы
 -
"Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Сабыров Мұхаметқұл
-
"Мойынқұм ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Орынбеков Жанайдар Егембердіұлы
-
"Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары полиция подполковнигі(келісімі бойынша);
Иманқұлов Суан Қорабайұлы
-
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оташы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша);
Козова Жанна Нығманқызы
-
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

      3. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Есеевке жүктелсін.
      Мойынқұм ауданының әкімі Б.Рысмендиев

       "КЕЛІСІЛДІ":
      "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық
      ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
      Г.Кемелқұлова
      28.03.2011 жыл
      "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
      Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е.Иманбаев
      28.03.2011 жыл
      "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ғ.Даминов
      28.03.2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады