2011 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы N 51-13 Шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 маусымда 6-9-119 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 30-5 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 10.06.2014 № 30-5 шешімімен.
     РҚАО ескертпесі:
     Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына келесі әлеуметтік қолдау ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш сомасында бюджеттік кредит.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2011.09.31 № 53-3 Шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      Ж. Смағұлов

Аудандық мәслихат
хатшысы
М. Есмаханов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады