"2011 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 51-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 31 тамыздағы N 53-3 шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте 6-9-122 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 30-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 10.06.2014 № 30-5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «2011 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 51-13 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-119 болып тіркелген, 2011 жылдың 2 шілдедегі № 53 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың:
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш сомасында бюджеттік кредит».
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайы                         хатшысы
      Л.Асанова                                  М. Есмаханов
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады