РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Азаматтарды әкери қызметке шақыруды жүргізу үшiн аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Жолдас Бақытжан Жолдасұлы | - | "Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы,комиссия төрағасы (келісім бойынша); |
Құрманов Манас Тұрсналин | - | "Шу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру инспекторлық бөліміндегі аудан әкімінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері:
Сәулебаев Талғат Бақытұлы | - | "Жамбыл облысы Ішкі істер департаметінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Шу аудандық әкімдігінің 2011.08.23 № 434 Шешімімен.
3. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаметінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Кулекеев (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ускумбаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәурінен пайда болған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Қ. Жабағиев |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Жамбыл облысы Шу ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.Ердосов
29.03.2011 жыл
"Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің
Шу аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Күлекеев
29.03.2011 жыл
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Шу аудандық орталық
ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
А.Мукатаев
29.03.2011 жыл