Бір жолғы әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 05 сәуірдегі N 32-8 Шешімі. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде № 6-11-108 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 9-5 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 9-5 шешімімен

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.Керімбаева) бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы                             Мәслихат хатшысы
      Н.Ибраимов                                 Б.Саудабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады