РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 - бабы 1 тармағының 13 тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 - бабы 3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36 - бабына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Жолдасқа (келісімі бойынша) шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шу ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
2. Шу қаласының және ауылдық (селолық) округ әкімдері, "Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.
3. "Шу ауданы әкімдігінің білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
4. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Шу аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері А.Мұхатаевқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртіппен медициналық куәландырудан өткізу ұсынылсын.
5. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Иманбаевқа (келісімі бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ускумбаеваға жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Нүркенов |
Келісілді:
"Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Жолдас
"29" желтоқсан 2011 жыл
"Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық
Ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Иманбаев
"29" желтоқсан 2011 жыл
"Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
Шу аудандық орталық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
А.Мұхатаев
"29" желтоқсан 2011 жыл