"Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергілікті ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 2 ақпандағы N 04/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы N 17/04 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 маусымда N 1894 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 32/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2012.07.04  N 32/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 1999 жылғы 30 қарашадағы N 849 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу ережелеріне (1999 жылғы 24 желтоқсанда N 1009 нөмірімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 172 бұйрығымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану ережелеріне (1998 жылғы 1 қыркүйекте N 591 нөмірімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген) сәйкес және облыстың су қоймалары акваториясында шағын өлшемді кемелердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергілікті ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 2 ақпандағы N 04/01 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (2011 жылғы 8 ақпандағы N 1889 нөмірімен Қарағанды облысы Әділет департаментінде тіркелген, 2011 жылғы 15 ақпандағы "Орталық Қазақстан" N 25 (21020) және 2011 жылғы 15 ақпандағы "Индустриальная Караганда" N 18 (21032)) келесі өзгерістер енгізілсін:
      нұсқалған Қаулымен бекітілген Ережеде:
      "2. Кеме иелеріне, кеме жүргізушілерге және демалыс аймақтарының иелеріне қойылатын жалпы талаптар" бөлімінде:
      5 тармақ алынып тасталсын;
      8 тармақ алынып тасталсын;
      9 тармақтың 2) – 9) тармақшалары алынып тасталсын;
      10 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қарағанды облысының әкімі                  С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады