Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарындағы шаруашылық қызметтерді шектеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы N 18/08 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 22 маусымда N 1895 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122 "Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы", 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 20.11.2018 № 60/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу белгіленсін:

      1) ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдарда мал жайылымы, шөп шабу, ағаш кесудің барлық түрлері, гүлдер теру, өсімдіктердің тамырларын, түйнектерін және жуашығын қазып алу, от жағу, көлік құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келіп кіру және жүру, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіру, сол сияқты өсімдіктердің бүліну және жойылуына туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге жол берілмейді;

      2) зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда уәкілетті органның келісімімен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде аң аулау, кез келген тәсілдермен және құралдармен, балықтарды қоспағанда, жануарларды аулау, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін интродукциялау, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіру, жұмыртқа жинауға жол берілмейді.

      2. Аудандардың әкімдері:

      1) мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумағында тұрған меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық енгізу және жерге орналастыру құжаттамасында шаруашылық қызметін шектеуді есепке қою бойынша;

      2) мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумағындағы барлық жер учаскелері меншік иелері, жер пайдаланушылар шаруашылық қызметтеріне қойылған шектеулермен таныстыру бойынша тиісті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысы әкімі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады