Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 18/08 "Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарындағы шаруашылық қызметтерді шектеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1895 болып тіркелген, 2011 жылдың 9 шілдесінде № 76 (21090) "Индустриальная Караганда", 2011 жылдың 9 шілдесінде № 110-111 (210103) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
нұсқалған қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122 "Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы", 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 18/08 "Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарындағы шаруашылық қызметтерді шектеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |