Қарағанды облысы Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгеріс туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 01 маусымдағы N 20/05 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XХXV сессиясының 2011 жылғы 30 маусымдағы N 409 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 шілдеде N 1896 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі мен мәслихаты ұсынған бірлескен қаулы мен шешімді қарастырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысының Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгеріс енгізілсін:
      елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Есенгелді селолық округінің Пахотное селосының құрамына қоса отырып Сегізінші ауыл селосы таратылсын.
      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау "Қарағанды облысы әкімінің орынбасарларын облыстың аймақтарына бекіту туралы" облыс әкімінің 2011 жылғы 29 наурыздағы N 28ө өкіміне сәйкес, облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  С. Ахметов

      Сессия төрағасы                            Р. Сүлейменов

      Мәслихат хатшысы                           Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады