Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 30/366 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 мамырда N 8-2-139 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы N 3/42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2016 N 3/42 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қаласы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) бірінші және екінші топ мүгедектеріне тегін жол жүру;
      2) зейнетақы мөлшері он алты жарым айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, жасына байланысты зейнетақы және әлеуметтік зейнетақы алушыларға тегін жол жүру.
      2. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жеке категориялы азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2006 жылғы 9 ақпандағы N 27/295 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-20 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 3 наурыздағы N 16 (7211) "Сарыарқа" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2006.02.09 N 27/295 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      3. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

Сессия төрағасы
Распопов Н.И.
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Әбдіров Қ.С.
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Жезқазған қаласының жұмыспен
 
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Мырзаханов Бағлан
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Мырзаханұлы

      
      07.04.2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады