Жезқазған қаласында азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 желтоқсанда N 8-2-146 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2012 жылғы 22 маусымдағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2012.06.22 N 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Занына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занына сәйкес Жезқазған қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Қарағанды облысы Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Қасимов С.Қ. – келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар-наурызында Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ жасы үлкен бұрын тіркеуден өтпеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу жүргізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Б. Әбдіғалиұлы

      КЕЛІСІЛДІ:

       "Қарағанды облысы Жезқазған
      қаласының қорғаныс істері жөніндегі
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    C.Қ. Қасимов
      23.11.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады