Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы N 7/19 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 наурызда N 8-3-114 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 3/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 19.01.2012 N 3/1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына және 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-112 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы 34 сессиясының "2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 34/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберу үшін Теміртау қаласындағы ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер тізбесі (1-қосымша);
      2) қоғамдық ақылы жұмыстар түрлері (2-қосымша).
      2. Қоғамдық ақылы жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбекақы 2011 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы есебі бойынша нақты істелген жұмысқа төленсін.
      3. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық ақылы жұмыстарға осы мекеменің жұмыспен қамту секторында тіркелген жұмыссыздарды жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қалалық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Теміртау қаласының әкімі
Н. Сұлтанов

      

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 17 ақпандағы
N 7/19 қаулысына
1-қосымша

Жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберу үшін Теміртау қаласы мекемелерінің, ұйымдарының және кәсіпорындарының тізбесі

т/б N
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер атауы
Жұмыссыздар саны
1.
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қарағанды облысының Әділет департаментінің Теміртау қаласының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі
90
2.
"Қарағанды облысы Теміртау қаласының Қорғаныс істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі
60
3.
"Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
180
4.
"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
18
5.
"Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
120
6.
"ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі Теміртау қалалық орталығы" мемлекеттік мекемесі
12
7.
"Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
84
8.
"Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
162
9.
"Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
6
10.
"Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
30
11.
Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы
79
12.
Теміртау қалалық сот
60
13.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитетінің Қарағанды облысының сот актілерін орындау департаментінің Теміртау аумақтық бөлімі
18
14.
Теміртау қаласының прокуратурасы
30
15.
Теміртау қаласы бойынша салық басқармасы
174
16.
Қарағанды облысының Статистика департаментінің Теміртау қаласының статистика басқармасы
12
17.
Теміртау қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты
18
18.
"Теміртау қаласының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі
6
19.
"Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі
12
20.
"Теміртау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
21.
Теміртау қаласының қылмыстық-атқару инспекциясы
6
22.
"Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалының Теміртау қалалық бөлімшесі
30
23.
"Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі
12
24.
"Теміртау қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі
12
25.
"Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
6
26.
"Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі
12
27.
"Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
12
 
Барлығы:
1267

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 17 ақпандағы
N 7/19 қаулысына
2-қосымша

Қоғамдық ақылы жұмыстар түрлері

      Қоғамдық ақылы жұмыстар келесі түрлерге бөлінеді:
      1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына қала аумағын тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға көмектесу.
      2. Аулаларды аралауға, әлеуметтік картаны нақтылауға және тұрғындарды тексеру актісін дайындауға қатысу.
      3. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру құжаттарын өңдеуге көмектесу.
      4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге көмек көрсету.
      5. Мемлекеттік мекемелерге құжаттарды өңдеуге және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге көмектесу.
      6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақыру қағаздарын дайындау және оны тарату бойынша тұрғындармен жұмыс жасауға көмектесу.
      7. Балалардың аулалық клубтарында спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмектесу.
      8. Салық төлеу хабарламаларын және түбіртектерін тарату бойынша тұрғындармен жұмыс жасауға көмектесу.
      9. ЖҚТБ-ның алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыруға көмек көрсету.
      10. Мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды өңдеу, тізілімін және хабарламаларын дайындау жұмыстарына көмектесу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады