Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылы қаңтардан наурызға дейін "Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1995 жыл туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу заңда белгіленген тәртіпте өткізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғаш ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Сұлтанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қарағанды облысы Теміртау қаласының
қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________М. Бекболатов
07.11.2011 жыл