Сайлау науқаны кезінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 49/14 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 желтоқсанда N 8-3-130 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 2/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 14.01.2016 № 2/8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға 2-қосымшаға сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
N 49/14 қаулысына
1-қосымша

Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар тізімі

      1. Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 136 мекенжайдағы "Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы.
      2. Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5 мекенжайдағы Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақтау" мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы.

Теміртау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
N 49/14 қаулысына
2-қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Теміртау қаласы

      1. "Ардана" кафесі мен "Теміртау қаласы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі ғимараты ортасындағы, Гагарин алаңындағы кіші нысандар.
      2. Чернышевский көшесінің бойындағы, "Березка" кафесінің жанындағы "Үгітплакат" ақпараттық қалқан.
      3. Республика даңғылы бойындағы, "Альянс Банк" акционерлік қоғамы ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқандар.
      4. Панфилов көшесінің бойындағы, "Энергетик" мәдениет сарайы ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқандар.

Ақтау кенті

      1. "Цементник" мәдениет сарайы жанындағы қалқандар.
      2. "Мырза" стансасы вокзалы жанындағы қалқандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады