Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011.12.01 N 48/04 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентігіне және Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жай берілсін.
2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (Жақсылықова С.Ж. - келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 шілдедегі N 27/02 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі 8-4-76, 2007 жылғы 18 шілдедегі N 59 (11173) "Балқаш өңірі", N 78 (170) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Сандуғаш Сәбетқызы Асылбековаға жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі Қ. Тейлянов
Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
N 06/01 қаулысына қосымша
Балқаш қаласы бойынша
сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары
N |
Қаланың атауы |
Үй-жайдың мекенжайы |
Жалпы көлемі |
1 |
Балқаш қаласы |
"Балық шаруашылығының Қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Балқаш филиалының акт залы, Желтоқсан көшесі, N 20 үй (келісім бойынша) |
200 шаршы метр |
Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
N 06/01 қаулысына қосымша
Балқаш қаласы және іргелес кенттер бойынша баспа материалдарды орналастыру орны
N |
Тұрғылықты жер атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін |
1 |
Балқаш қаласы |
Ленин және ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысыдағы ақпараттық қалқан |
2 |
3. Сабитова атындағы мөлтек аудан, N 34 үйде орналасқан ақпараттық қалқан |
|
3 |
Бөкейханов және Ленин көшелерінің қиылысындағы (NN 11-18 үйлер арасында) ақпараттық қалқан |
|
4 |
Қоңырат кенті |
Русаков көшесіндегі N 9 үйде орналасқан ақпараттық қалқан |
5 |
Саяқ кенті |
Балхашская көшесі, N 2 үйде орналасқан ақпараттық қалқан |
6 |
Гүлшат кенті |
Клуб ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан |
7 |
Шұбар Төбек кенті |
Асхана ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан |