Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 24.07.2019 № 31/02 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы N 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Балқаш қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы, Сейфуллин көшесі, N 3 үй мекен-жайында орналасқан ғимараты жекешелендіруге жататын қалалық коммуналдық меншіктегі нысан айқындалсын.
2. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.М. Тлеулесова) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан шығатын барлық шараларды қолдансын.
3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы N 22/02 "Коммуналдық меншіктегі нысанды жекешелендіруге жататын нысандар тізбесіне енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Манамбаев |