Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 45/01 "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысанды айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 31/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 шілдеде № 5417 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 45/01 "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысанды айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-259 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 149-150 (11818) "Балқаш өңірі" және 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 145 (854) "Северное Прибалхашье" газеттерінде), қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Капашевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі Таурбеков О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады