Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту және олардың табыс табуы үшін, кедейшілікті болдырмау, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқарту мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері, шарттары, көлемі және жалақы мөлшері бекітілсін.
2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай ММ) (Ж.К. Томпиева):
1) бекітілген тізбе бойынша қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайын көрсетілуімен, қоғамдық жұмыстарды жүргізуге кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелерімен келісім-шарт жасалсын;
2) 2012 жылы қалалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізбесіне сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырсын;
4) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбек ақысы ең төменгі бір төлемақы мөлшерінде төленсін.
5) "Қалалық Коммуналдық Шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздарға ең төменгі еңбекақы мөлшерінің бір жарым есе көрсеткішінде төленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2012.07.12 N 24/32 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.
3. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ (Ж.М. Тлеулесоваға) бекітілген бюджетке сәйкес қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды іске асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Балқаш қаласының әкімі Қ. Тейлянов
Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
N 52/12 қаулысына қосымша
2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін, жұмыс түрлерін, шарттарын, көлемін және жалақы мөлшерін бекіту туралы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2012.07.12 N 24/32 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.
N |
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атауы |
Жылдық адам саны |
Жұмыс түрлері және мөлшері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай ММ) |
20 |
Құжаттарды тарату, айына 70 құжаттан астам |
2 |
"Балқаш қаласы Қоңырат кенті әкімінің аппараты" ММ |
44 |
Айына 5000 шаршы метрден кем емес кентті көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары |
3 |
"Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ |
40 |
Айына 4000 шаршы метрден кем емес кентті көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары |
4 |
"Саяқ кенті әкім аппараты" ММ |
28 |
Айына 3000 шаршы метрден кем емес кентті көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары |
5 |
"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" ММ |
8 |
Айына 50 құжаттан астам құжаттарды мұрағатқа тапсыруға, сессиялар және тұрақты комиссия хаттамаларын дайындауда көмек |
6 |
"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ |
8 |
Айына 70 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу, тізілімдерді, хабарламаларды дайындау жұмыстары |
7 |
"Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
28 |
Айына 100 құжаттан кем емес әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аулааралық тексеру, тұрғын-үй жағдайларын тексеру актісін жасауға көмек көрсету |
8 |
"Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ |
12 |
Айына 40 құжаттан кем емес саяжай және көлікжай алабын түгендеу, құжаттарды өңдеу |
9 |
"Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ |
28 |
Айына 60 кем емес құжаттарды өңдеу |
10 |
"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ |
8 |
Айына 20 құжаттан кем емес құжаттарды реттеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау |
11 |
"Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ |
16 |
Айына 15 кем емес жалпы-мәдени іс-шараларды жүргізуге көмек |
12 |
"Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ және соның ішінде жалпы білім беру мектептері |
114 |
Айына 25 кем емес іс-шараларды жүргізуге көмек, қоғамдық тәрбиеші |
13 |
"Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ |
8 |
Айына 30 кем емес құжаттарды өңдеу |
14 |
"Балқаш қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ |
8 |
Айына 30 астам құжаттарды өңдеу, құжаттарды жеткізу |
15 |
"Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ |
12 |
Айына 30 астам құжаттарды жеткізу, ақпараттарды жинақтау ауылшаруашылық жануарларының қозғалысын есептеу және тіркеуді жүргізу |
16 |
"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Балқаш қалалық қазынашылық басқармасы" ММ |
8 |
Айына 30 астам құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу |
17 |
"Балқаш қаласының N 2 кәсіптік лицейі" ММ |
12 |
Айына 30 астам құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу |
18 |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Балқаш қаласы бойынша Салық басқармасы" ММ |
40 |
Айына 30 құжаттамадан астам құжаттарды жеткізу, салық төлеу туралы хабарламаларды тарату, толық төленбеген төлемнің алымы |
19 |
"Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі Қарағанды облысы Әділет департаментінің Балқаш қаласының Әділет басқармасы" ММ |
32 |
Айына 50 құжаттамадан астам әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмыстары, формулярларды орналастыру |
20 |
"Қарағанды облысы Балқаш қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ |
39 |
Айына 70 кем емес есепке тіркеу қағаздарын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақыру қағаздарын тарату |
21 |
"Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты" ММ |
8 |
Айына 70 құжаттан кем емес мұрағаттық істерді жаңғырту, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау |
22 |
"Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты" ММ |
40 |
Айына 80 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау, қосалқы жұмыстар |
23 |
"Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Сот актілерін орындау комитетінің Қарағанды облысы сот актілерін орындау Департаменті" мемлекеттік мекемесінің "Балқаш аумақтық бөлімі" филиалы |
40 |
Айына 80 құжаттан кем емес хабарлама қағаздарын тарату |
24 |
"Қарағанды облысы Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты" ММ |
40 |
Айына 80 құжаттан кем емес хабарлама қағаздарын тарату |
25 |
"Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" ММ |
8 |
Айына 40 құжаттан кем емес мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау, шақыру қағаздарын тарату |
26 |
"Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ |
76 |
Айына 80 құжаттан кем емес кіріс және шығыс құжаттарын тарату, номенклатуралық істерді тігу, қосалқы жұмыстар |
27 |
"Балқаш қалалық прокуратурасы" ММ |
12 |
Айына 60 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу және тіркеу |
28 |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" ММ |
4 |
Айына 20 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу және тіркеу |
29 |
"Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ |
8 |
Айына 40 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу |
30 |
"Қалалық коммуналдық шаруашылық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
80 |
Айына 9000 шаршы метрден кем емес қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары |
31 |
Балқаш қаласы әкімдігі Балқаш қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (әрі қарай КМҚК) |
8 |
Айына 20 кем емес мәдени – жалпы шараларды жүргізуге көмек |
32 |
"Жекпе-жек" қалалық спорттық клубы КМҚК |
8 |
Айына 4 кем емес спорттық іс-шараларды жүргізуде көмек көрсету |
33 |
Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Балқаш қаласының Орталық ауруханасы" КМҚК |
8 |
Айына 27 кем емес құжаттарды өңдеу |
34 |
"Балқаш қаласының N 1 емханасы" КМҚК |
15 |
Айына 32 құжаттан кем емес құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу |
35 |
Балқаш қаласы әкімдігі Балқаш қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ер Төстік" мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі КМҚК |
4 |
Айына 16 кем емес құжаттарды өңдеу |
36 |
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қарағанды облыстық филиалы |
12 |
Айына 60 кем емес жәрдемақы және зейнетақы алушыларға шақыру қағаздарын тарату, мұрағаттық істерді жаңғырту |
37 |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" |
4 |
Айына 20 құжаттан кем емес құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау, қосалқы жұмыстар |
38 |
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" ММ |
12 |
Айына 35 кем емес құжаттарды тарату және өңдеу |
39 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалы |
26 |
Айына 3000 шаршы метрден кем емес жолдарды көркейту және санитарлық тазалау жұмыстарына көмек |
40 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" ММ |
8 |
Айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу |
41 |
"Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық филиалы |
4 |
Айына 30 кем емес құжаттарды өңдеу |
42 |
"Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі |
4 |
Айына 10 кем емес шаруашылық бөлігі бойынша санитарлық өңдеу |
43 |
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің "Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Балқаш филиалы |
8 |
Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу |
44 |
Балқаш қаласы әкімдігі Балқаш қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы" КМҚК |
8 |
Айына 4 кем емес жалпы-мәдени іс-шараларды жүргізуге көмек |
45 |
Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Балқаш қаласының N 3 емханасы" КМҚК |
12 |
Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу |
46 |
Балқаш қалалық "Үлкен Жүрек" қоғамдық бірлестігі |
6 |
Айына 30 кем емес құжаттарды өңдеу |
47 |
"Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы- "Балхаштүстімет" өндірістік бірлестігі |
12 |
Айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу |
48 |
Қарағанды облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Балқаш аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімі |
12 |
Айына 60 құжаттан кем емес мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау, шақыру қағаздарын тарату |
Барлығы |
1000 |