Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 08.02.2024 № 08/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 - бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Президенттікке, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттары депутаттығына және Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне арналған үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде сайлаушылармен кездесуіне арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" N 08/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-117 болып тіркелген, N 9 (577) қалалық "Саран газеті" газетінде 2011 жылы 3 наурызда жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасарына және Ақтас поселкесінің әкіміне жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | В. Иванов |
Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы N 42/01 қаулысына қосымша |
Саран қаласы және Ақтас поселкесі бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары
N | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары және орналасқан жері (кабинет, телефон) | Үй-жайдың жалпы алаңы |
1. | Саран қаласы | "Саран қаласының балалар-жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының акт залы (Саран қаласы, Чкалов көшесі, 3 үй, телефон 23339, 23156, 26246) | 250 шаршы метр |
2. | Ақтас поселкесі | "Ақтас поселкесінің мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кіші залы (Ақтас поселкесі, Кржижановский көшесі, 16-а үй, телефон 55061, 55044) | 300 шаршы метр |
Саран қаласы және Ақтас поселкесі бойынша
үгіттік баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар
N | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
1. | Саран қаласы | Ленин даңғылы және Жеңіс көшесі қиылысындағы алаң |
2. | Ақтас поселкесі | Бірінші май көшесі, 16 үй бойынша дүкеннің қасындағы алаң |