Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 400 Қаулысына, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы "Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерiн бекiту туралы" N 10 бұйрығының 67 тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 3455 тіркелген) сәйкес және жылу энергиясын пайдаланудың нормаларын анықтау үшін ұсынылған есепке алулардың негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың аспабы жоқ Абай қаласының тұрғын үй-жайлары үшін жалпы ауданның бір шаршы квадратына жылу энергиясын пайдаланудың нормасы жылыту кезеңіне бір айда 0,0329 гекокалория/ш2 көлемде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Махамбет Төлеубайұлы Жаңабергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн аяқталысы бойынша әрекетке енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Е. Нашаров |