Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы XXXIV сессиясының N 34/297 "2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының XXXIX сессиясының 2011 жылғы 10 қазандағы N 39/344 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қазанда N 8-12-113 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012.02.25 N 2/16 (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы XXXIV сессиясының N 34/297 "2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 8-12-106 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі N 19 (9444) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармағында "алты жүз отыз еселік" сөздері "бір мың бес жүз еселік" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) 3 тармағы алынып тасталынсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      XXXIX сессиясының төрағасы                 Ж. Рыспеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        З. Сердалинов
      2011 жылғы 10 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады