Қарқаралы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар қылмыстық-атқару инспекциясы пробациясы қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы N 289 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 қарашада N 8-13-107 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 31.05.2016 № 141 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 18.06.2013 N 113 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарқаралы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір пайызы мөлшерінде, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін нөл бүтін бес ондық пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 18.06.2013 N 113 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Аудан әкімі
К. Максутов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады