Қарқаралы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырда № 141 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 31 маусымдағы
№ 141 қаулысына қосымша

Қарқаралы ауданы әкімдігінің күшi жойылған қаулылардың тiзбесi

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 289 "Қарқаралы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар қылмыстық-атқару инспекциясы пробациясы қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 8-13-107 тіркелді, "Қарқаралы" газетінің 2011 жылғы 19 қарашадағы №91-92 (11007) санында жарияланған).
      2. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 113 "Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 289 "Қарқаралы ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2348 тіркелді, "Қарқаралы" газетінің 2013 жылғы 07 шілдедегі № 57-58 (11179) санында жарияланған).
      3. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 23 "Ауданда 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3664 болып енгізілді. "Қарқаралы" газетінің 2016 жылғы 20 ақпанда № 15-16 (11450) санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады