Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы мәслихатының 2011 жылғы 16 қарашадағы N 388 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 желтоқсанда N 8-14-156 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 242 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 27.03.2014 N 242 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
      3) мүгедектер;
      4) мүгедек балалар;
      5) аз қамтылған азаматтар;
      6) көп балалы аналар;
      7) фтизиатрда тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратын науқастар.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2012.04.12 N 68 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша аудандық бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Прокоп Г.Г.).
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Е. Тұранов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Нұра ауданының жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекеменің бастығы
      ____ Г.Жүпенова
      8 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады