Нұра ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 24/50 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 8-14-159 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 ақпандағы N 02/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.02.03 N 02/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, нысаналы топтарға жататын кіретін жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының жұмыс берушiлердiң тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет қылған мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және бағыттау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарттар жасау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін, жасалған шарттардың орындалуын қадағалау жөнінде жұмыс жүргізсін;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың мониторингін жүргізсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен бөлшектеліп өтеледі.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.А. Даутоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Бексұлтанов

Қосымша аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 қарашадағы
№ 24/50 қаулысына

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының жұмыс берушілердің тізбесі:

Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің атауы

Әлеуметтік жұмыс орындарының саны

Кәсіп атауы

Жалақы

Жұмыс ұзақтығы (ай)

Қаржыландыру көздері мен еңбекақы мөлшері

Жұмыс берушінің қаржысынан

Жергілікті бюджет қаражатынан өтелетін айлық жалақының мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

8

1

"Индустриальный" өндірістік кооперативі

6

Қосалқы жұмыскерлер, оның ішінде:


Келесі мөлшерде:

3


50 пайыз


50 пайыз

1-қырмандағы жұмыскер


ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-қырмандағы жұмыскер


ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-қырмандағы жұмыскер


ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-қырмандағы жұмыскер


ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-қырмандағы жұмыскер


ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-қырмандағы жұмыскер


ең төменгі жалақы мөлшерінде

2

"Абильдина Шалия Кудайбергеновна" жеке кәсіпкері

4

Ас дайындайтын жұмыскерлер, оның ішінде:

Келесі мөлшерде:

3

50 пайыз

50 пайыз

1-ыдыс жуушы

ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-ыдыс жуушы

ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-ыдыс жуушы

ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-ыдыс жуушы

ең төменгі жалақы мөлшерінде

3

"Дастархан" қарапайым серіктестігі

3

Ас дайындайтын жұмыскерлер, оның ішінде:

Келесі мөлшерде:

3

50 пайыз

50 пайыз

1-ыдыс жуушы

ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-ыдыс жуушы

ең төменгі жалақы мөлшерінде

1-ыдыс жуушы

ең төменгі жалақы мөлшерінде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады